Елімізде әуе қызметі бір жылда 9%-ке қымбаттады

Қазақстандағы әуе тасымалы былтыр қаңтар-желтоқсанда 9%-ке қымбаттаған. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Былтыр әуе тасымалы саласына инвестициялар 57,7 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 2,3 есе көп.

Инвестициялардың ең көп көлемі Шымкентте — 34,4 миллиард теңге. Сонымен қатар 17,8 миллиард теңге Алматыға, 5,4 миллиард теңге Астанаға, 27,4 миллион теңге Алматы облысына жіберілген, — делінген хабарламада.

Әуе көлігі кәсіпорындарының тасымалдаудан түскен табысы 745,1 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат — 731,9 миллиард теңге, ал жүк багажды тасымалдаудан — 13,2 миллиард теңге түскен.

Осы кезеңде жүк айналымы 53,7 миллион ткм болды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4%-ке аз. Былтырғы жылдың 12 айында 13,3 миллион адам әуе рейсі арқылы жолаушылаған. Ұшақ арқылы ең көп сапар шегетіндер — алматылықтар, — делінген хабарламада.

Жолаушылар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28,8%-ке артық.