Алматыдан 269 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді. Дүмпудің ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым қашықтықта Қытай аумағына болды.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 14 сағат 17 минут 56 секундта) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41.09° с.е. 78.49° ш.б. жатыр. Тереңдігі 5 км.

Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.

Алматыда жер дүмпуі 2 балдық болды. Қала тұрғындарына сезілді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да