Ақша айырбастау орындарында доллар 446-450 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,9–449,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 446–450 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 445,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,04 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97–5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,9-5,1 теңгеден сатылып жатыр.