Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 10 қаласындағы тұрғындарға ескерту жасады.

22 қаңтарда Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да