Ақша айырбастау орындарында теңге нығайды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449–453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7-452,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 449-453 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 қаңтардағы ресми бағамы — 1 долларға 450,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97-5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,93—5,07 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да