Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 21 қаңтарда Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Қарағанды, Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлап, қолайсыз метеорологиялық жағдай орнауы мүмкін.

Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.