Басты бет / Қоғам /
ауа сапасы, түтін, ЖЭО
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бүгін Астана мен 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 қаңтарда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады.

Атап айтқанда, бейсенбіде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook