«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең елімізде аяздың беті қайта бастайды.
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағында тұман болады деп болжанып отыр, — делінген хабарламада.
