Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығы ауысты

Мемлекет басшысының өкімімен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабының бастығы ауысты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен бұған дейін бұл қызметті атқарған Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштері бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылғы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін, 1997 жылы – Бронды танк әскерлерінің әскери академиясын, 2010 жылы – Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірген.

  • Әскери шені: генерал-лейтенант (2020).
  • Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген.
  • ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.