Сұлтан Қамалетдинов қорғаныс министрінің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Ал бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары болған Тимур Дәндібаев президенттің өкімімен қызметінен босатылды.