Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерді Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Шетелдік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған.

Анықталғандай, 2018 жылы қазақстандық Ресейдің Омбы облысының аумағында есірткі қылмысын жасаған, алайда ол жазадан құтылып, бес жыл бойы Көкшетауда жасырып жүрген. Осы уақыт ішінде ер адам РФ қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөліміне сәйкес Омбы облысы бойынша РФ ІІМ басқармасында мемлекетаралық іздеуде болған. Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, ресейлік әріптестеріне жолдады, — деді ведомстводан.