Qazaq Air компаниясы тағы сатылымға шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air компаниясын тағы сатылымға шығарды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында Qazaq Air АҚ акцияларының 49-дан 100%-ке дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада Qazaq Air АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды, — делінген хабарламада.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.