Qazaq Air 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға қайта ұшады

Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Астанадан Жезқазғанға ұшуды қайта бастайды.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

QAZAQ AIR Астанадан Жезқазғанға күн сайын канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 заманауи әуе лайнерлерімен ұшады. Бір бағыттағы билеттің құны 18 000 теңгеден басталады, — делінген тасымалдаушының хабарламасында.

Ұшу кестесі (жергілікті уақыт бойынша):

  • IQ 389 Астана 09:55 – Жезқазған 11:00
  • Q 390 Жезқазған 11:35 – Астана 12:45.