Ақылы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты тағы ұзарды

Қаңтар айындағы ақылы тестілеуге өтініш беру мерзімі тағы ұзарды. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

8 қаңтарда сағат 17.00-де қосымша орындар ашылды.

ҰБТ-ға өтініш беру 11 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Мұқият болыңыздар! Сәттілік!, — деп жазылған орталықтың ресми парақшасында.

Ұлттық тестілеу орталығы ақылы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін осымен екінші рет ұзартып отыр. Бұған дейін 9 қаңтарға дейін өтініш қабылданады деген хабарлама жарияланған.