Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі ұзартылады

Фото: Martebe.kz
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

«Өңірлерде қосымша орын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат дүйсенбі күні жарияланады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.

Мақалаға реакция