2023 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің тізімі жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған 10 есімнің тізімін жариялады.

Статистика бюросының мәліметінше, былтыр жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ.

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді, — делінген хабарламада.

2023 жылдың танымал 10 есімі:

Ұлдарға қойылған есімдер:

  • Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза. 

Қыздарға қойылған есімдер:

  • Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым.

Осы тізімді 2013 жылмен салыстырсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері кейінгі он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында, — делінген хабарламада.