Қазақстан бойынша тұман түсіп, боран болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әлі де Қазақстанның ауа райына әсер етеді, ауа райы құылып тұрады.

Кәсіпорын раратқан деректерге қарағанда, елдің басым бөлгінде жауын-шашын болады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, боран, екпінді жел соғады.