Бүгін ел өңірлеріндегі метеорологиялық жағдай қандай болады?

28 желтоқсанда еліміздің ешбір өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.