Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457–459 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,3–459,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 457–459 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 456,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93–5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 — 5,03 теңгеден сатылып жатыр.
