Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, видео
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда жасөспірімдер мектеп оқушысын алдап, iPhone-ын ұрлап кеткен

Алматыда 14 жастағы жасөспірім бейтаныс адамдармен кездескеннен кейін қымбат iPhone смартфонынан айырылды. Оны ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған екі жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер мектеп оқушысын алдап, оның смартфонын иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілердің жеке басын қысқа уақыт ішінде анықтап, оларды ұстады. Белгілі болғандай, екеуі де кәмелетке толмаған. Тергеу барысында қылмыс жасалғаннан кейін күдіктілердің жасырынуына кәмелетке толған ер адамның көмектескені анықталды. Ол да полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Сонымен қатар полицейлер ұрланған iPhone табылған әйелдің де жеке басын анықтады. Смартфон тәркіленіп, қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тіркелді, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook