Головкин Forbes нұсқасымен ең табысты боксшылар тізімінде

Аталған рейтинг бойынша, орта салмақтағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) көш бастап тұр. Ал үздік үштікті WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы америкалық Андре Уорд (31-0, 15 КО) қорытындылады. Сондай-ақ бұл тізімде Головкиннің бұрынғы қарсыласы ұлыбританиялық Келл Брук бар.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуде 2,5 миллион доллар алған болатын. Бұл — оның мансап жолындағы ең қомақты гонорар.

Ең табысты боксшылар:

1. Сауль «Канело» Альварес;

2. Геннадий Головкин;

3. Андре Уорд;

4. Владимир Кличко-Энтони Джошуа;

5. Мэнни Пакьяо;

6. Кит Турман;

7. Сергей Ковалев;

8. Деонтей Уайлдер;

9. Василий Ломаченко;

10. Теренс Кроуфорд;

11. Дэниэл Джейкобс;

12. Эдриэн Бронер;

13. Келл Брук;

14. Майки Гарсия;

15. Эррол Спенс.

ДереккөзVesti.kz