Головкин Канеломен айқасы үшін 25 миллион доллар алуы тиіс — Майкл Томпсон

«Сонымен, Оскар, қандай келісімге келесің? GGG-ге қанша ұсынасың? 2? 4? 10 миллион доллар? Мұның жеткілікті емес екендігін қашан түсінесің? Головкин кем дегенде 25 миллион доллар алуы тиіс. Себебі Канело бұл айқас үшін 50 миллион доллар алады. Оскар, көзіңді ашатын кез келді!», — деп жазды Майкл Томпсон Твиттерде.

Еске сала кетсек, Оскар де ла Хойя Том Леффлерге жекпе-жек үшін 10 миллион доллар ұсынған. Алайда қазақстандық боксшының промоутері одан бас тартқан болатын.

Ал Келл Брукпен болған соңғы кездесуде Геннадий Головкиннің сыйақысы 3 миллион фунтты (4 миллион АҚШ долларынан астам) құрады.

ДереккөзSports.kz