Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Жаннұр Асқарбекұлы: Адамдардың құқықтарын қорғау әрқашан ерекше назарда

Жаннұр Асқарбекұлы прокуратура заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Түркістан облысында өзіңіз басқарып отырған ұжым осы функцияны қандай салаларда жүзеге асырып жатыр және қандай оң нәтижелерге қол жеткізді?

Қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қаулының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. 23 жасырылған қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды.

Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Электронды форматта тергелген істер үлесі 2019ж.13% құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізілді.

Мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында прокурорлар соттарда қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адамға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өзгертілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында талдау және тексерулер жүргізу арқылы елеулі оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Соңғы 3,5 жылда қадағалау актілері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның (соның ішінде 5898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың) құқықтары қорғалды. 5981 заңсыз құқықтың актінің (оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған 11 нормативтік құқықтық актінің) күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. 451 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа (оның ішінде 7 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін) тартылған. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауда жүйелі тиімді жұмыс жүргізілуде. Қадағалау актілері негізінде өндірілген сома жылдан жылға ұлғаюда. Жалпы мемлекет пайдасына 262 226 698 теңге өндірілген (2019ж. — 39 972 895 тг., 2020ж. — 53 864 927 тг., 2021ж. – 144 386 563 тг., 2022ж. 5 айы – 24 002 313 тг.). Бұдан бөлек, 107 381 570 теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген (2019ж. – 75 750 тг., 2020ж. – 9 363 720 тг., 2021ж. – 44 972 297 тг., 2022ж, 5 айы – 52 969 803 тг.), мемлекетке жалпы құны 723 914 338теңге (2019ж. – 231 629 362 тг., 2020ж. – 267 439 784 тг., 2021ж. – 89 196 800 тг., 2022ж. 5 айы – 135 648 392 тг.)құрайтын мүлік қайтарылған.

Қала аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бері қала прокуратурасы бастамасымен Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жасақтау қолға алынған. Карта ай сайын жаңартылып, прокуратураның келісуімен қала әкімі бекітеді. Картаға мониторингпен анықталған өзекті проблемалар енгізіліп, барлық жауапты мемлекеттік органдар оларды түбегейлі шешуге, әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін жағдайлар мен себептерді жоюға бағытталады. Картаға бүгінгі күнге дейін барлығы 48 мәселе енгізіліп, оның 39 оң шешімін тапқан.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, себебі бизнестің дамуы, іскер адамдардың ұлғаюы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал етеді.

Прокуратураның бұл бағыттағы жұмысы кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады.

Соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын сақталуына қатысты 5 тексеру мен талдау жүргізіп, 20 арыз-шағым қараған. 7 заң бұзушылық анықтап, 8 қадағалау актісін енгізген.

Нәтижесінде 5 900 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Мысалы, қала әкімдігінің «Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы» 19.07.2019ж. №1103 қаулысына наразылық енгізіп, заңнамаға сәйкестендіру нәтижесінде ӘҚБтК-нің 204-бабымен негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылған 928 жеке тұлғаға және 199 кәсіпкерге қатысты полиция тарапынан әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларының күші жойылып, 1 183 481 теңге айыппұл сомалары қайтарылған.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС (тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы) 844 кәсіпкерлік субъектіден төлемді негізсіз жоғары тарифте алып келгені анықталып, артық төленген 8 274 945 теңге кәсіпкерлерге қайта есептеліп, қайтарылды.

Түркістан облысының полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен ӘҚБтК-нің талаптары сақталмай, мәжбүрлеп өндіру мерзімдері өтіп кеткен, алайда өндірісте қысқартылмай тұрған 4848 кәсіпкерлік субъектіге қатысты 103 184 804 теңгеге айыппұл түріндегі жаза қолдану нұсқамалардың күші жойылды.

Кәмелетке толмаған балалар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын адамдардың құқықтарын қорғау әрқашан ерекше назарда. Кейбір мысалдарға тоқтала кетсек, прокурорлық қадағалау актілері негізіндеқамқорлықсыз қалған 18 бала тұрғын үй кезегіне қойылды (кезегі қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған кезінен бастап белгіленген); мектептерде заңсыз сақталған адам денсаулығына қауіпті 2 мыңнан астам люминесценттік шамдар жойылып, 29 мың оқушы мен мектеп жұмыскерлерінің құқықтары қорғалды;«Түркістан Су» кәсіпорны мүгедектер санаттағы 88 тұтынушыға 1 380 000 теңге мөлшерде комуналдық қызметінің шығындарын өтеп бермегені анықталып, құқықтары қалпына келтірілді; тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғанәлеуметтік осал топтағы 14 отбасы анықталып, қайтадан кезекке қойылды; халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаныанықталып, 1684 жұмысшының құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл мысалдар осы салада прокуратура қызметкерлері атқарған ауқымды жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелердің тек бір бөлігі.

Әкімшілік істер бойынша сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету саласында прокурордың қатысуымен (кәмелетке толмағанға қатысты, әкімшілік қамаққа алуға, ҚР шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге әкеп соғатын) мамандандырылған әкімшілік сотта 2784 іс (2019ж.-1289, 2020ж.- 920, 2021ж.-445, 2022ж. 5 айында -130) қаралған. Прокурордың апелляциялық өтінішхаттары негізінде 85 сот актісі өзгертілген. Қадағалау актілері бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Қала прокуратурасының қызметкерлері қалалық сотта азаматтық істер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік ете отырып, прокурордың қатысуы міндетті (мемлекет мүдделерін қозғайтын, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда) 1169 істің (2019ж. — 293, 2020ж. — 401, 2021ж. — 324, 2022ж. 5 айында-151) қаралуына қатысқан. Прокурордың апелляциялық өтінішхаттары негізінде 17 сот актісі өзгертілді.

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау барысында прокурорлық қадағалау актілер бойынша мемлекет пайдасына 11 204 (2019ж. – 3549, 2020ж. – 2661, 2021ж. — 2397, 2022ж. 5 айы — 2597) атқарушылық іс жүргізу орындалып, 228 110 077 теңге (2019ж. – 62 347 410 тг., 2020ж. – 65 688 648 тг., 2021ж. –58 363 215 тг., 2022ж. 5 айы – 41 710 804 тг.) өндірілген.

Алимент бойынша 48 (2019ж. – 0, 2020ж. – 3, 2021ж. — 6, 2022ж. 5 айы — 39) атқарушылық іс жүргізу орындалып, өндіріп алушылардың пайдасына 17 497 102 теңге (2019ж. – 0, 2020ж. – 6 642 150 тг., 2021ж. –6 168 784 тг., 2022ж. 5 айы – 4 686 168тг.) өндірілген. 13 борышкер әкімшілік жауаптылыққа, 78 сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 1 сот орындаушының лицензиясы тоқтатылған.

Үкімдердің орындалу заңдылығын қадағалау барысында қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар мен қалалық пробация қызметі бөлімінің пробациялық бақылауда тұрған адамдарды жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы түзеу және жаңадан қылмыс жасауының алдын алу бағытындағы жұмыстарына ерекше мән береді.

Осы салада анықталған заң бұзушылықтар бойынша 12 қадағалау актісі енгізіліп, 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Қадағалау және үйлестіру шараларының арқасында пробациялық бақылаудағы жұмыссыздар (2019ж. — 21, 2020ж. — 15, 2021ж. — 15, 2022ж. 5 айы — 6) мен қайта қылмыс жасағандар (2019ж. -19 , 2020ж. — 8, 2021ж. — 10, 2022ж. 5 айы — 7) саны азаюда. Есепте тұрған адамдарға арналған жұмыс квотасының саны (2019ж. бөлінбеген, 2020ж. — 13, 2021ж. — 25, 2022ж. 5 айы — 16) ұлғаюда.

Түркістан қаласы прокуратурасының ұжымы қадағалау қызметін одан әрі жетілдіре отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіптің жоғары деңгейін қалыптастыру арқылы Түркістанның түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы мәртебесіне лайықты дамуына өз үлесін қоса береді.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Тельман Бейсен