Түркістан облысы Төлеби аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 11 желтоқсандағы №410 Жарлығына сай,​ Байарыстан Ғани Доғдырбайұлы Түркістан облысы Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Жаңа төрағаны таныстыруға арналған іс-шара Төлеби аудандық сотының ғимаратында өткізілді. Аталған іс-шараға Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Мыятбеков, Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараев және мемлекеттік құқық қорғау органдарының басшылары мен адвокаттар қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Т.Мыятбеков жаңа төрағаны қызметке тағайындалумен құттықтап, жұмысына сәттілік пен сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды тіледі.
Байарыстан Ғани Доғдырбайұлы, 07 тамыз 1979 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2000-2011 жылдар аралығында Жамбыл облыстық сотының сот мәжілісінің хатшысы болып бастаған.
2011-2012 жылдар аралығында Жамбыл облыстық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы,
2012-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы,
2018-2023 жылдар аралығында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы,
2023 жылдан бастап Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарып келген.