Түркістан облысында жолда адасып қалған 287 адам құтқарылды

Түркістан облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарға арналған жедел желі іске қосылды.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысында екі күннен бері бұрқасын жел тоқтамай тұр. Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, «Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай» трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылған.

Өткен тәулікте құтқарушылар жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы балалар.

Түркістан облысының ТЖД қолайсыз ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармау керектігін ескертеді. Қала сыртына баратын болсаңыз, жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобайл қолданбасынан білуге болады. Қазіргі таңда облыста бір республикалық, 10 облыстық жол жабық, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарған арналған жедел желі іске қосылды. Жедел желі: 8 725 33 5 78 97 немесе 102.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да