2024 жылы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша әуе рейсі ашылады

16 қаңтардан бастап Wizz Air Abu-Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстерді аптасына үш рейс жиілігімен Airbus-A321 үлгісіндегі әуе кемелері орындайды деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылады.

Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.