Нұр-Сұлтан — Әбу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды

2022 жылғы 14 ақпанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды, — делінген хабарламада.

«Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша рейстері санитарлық-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының жұмыс кестесіне сәйкес А-321 типті әуе кемесі қатынайды.

Ресми ақпаратта аталған бағыттағы әуе рейсі дүйсенбі және жұма күндері орындалатыны және билет құны 20 евродан басталатыны айтылған.