Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады?

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да жиындар ұйымдастырылады.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

13 желтоқсан күні сағат 11.00-де Bastau ойын-сауық кешенінде Алматы ардагерлер кеңесі арасында «Бостандық ауданы әкімінің кубогы» үшін бильярдтан турнир ұйымдастырылады.

Осы күні сағат 15.00-де Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы 347/4) зиялы қауым өкілдері мен желтоқсаншылардың қатысуымен «Елімнің бақытын тербеген — Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиа орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы — Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады, дәл осы уақытта Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында «Тәуелсіздік — ел мерейі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді. Көрмеге мұражай мұрағатынан Алматы қаласының ғимараттары мен мәдени ошақтарының фотосуреттері қойылады.

Сағат 15.00-де Алматының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік — аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында Т.Әбдірашев атындағы ҚР мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

16-18 желтоқсан аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін К.Әзірбаев атындағы № 15 орта мектебінде барлық санаттар арасында классикалық пауэрлифтиң және классикалық стендтік пресс бойынша Алматы қаласының ашық чемпионаты өтеді.

18 желтоқсан күні сағат 12.00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны өтеді.