Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді?

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

15 желтоқсан – Д. Қонаев атындағы мұражайда «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді.

15 желтоқсан — Ғалымдар үйінде қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.

16 желтоқсан — Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылады.

17 желтоқсан — 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтары қойылады.