Басты бет / Жаңалықтар /
990ba11a966e8c11fc2e8651c3b21c0d Сарыағаш аудандық соты журналистке сұхбат берді

Сарыағаш аудандық соты журналистке сұхбат берді

Сарыағаш аудандық соты 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша сұхбат берді

Сарыағаш аудандық сотының төраға м.а. А.Қосмұратов БАҚ өкілдерінің қатысуымен сот жұмысының 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен жаңашылдықтарды, істердің сотқа түсу, қаралу көрсеткіштерін саралау барысында, соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, сұхбат берді.

Іс-шара барысында төрағаның м.а. қаралған істердің статистикалық мәліметтерін айтып өтті.
Нақты айтқанда 355 адамға қатысты 323 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде, 307 іс электронды іс жүргізу тәртібімен қаралған, 271 іс үкім шығарумен, 28 іс қысқартылған, оның ішінде 2 іс медиация тәртібімен аяқталған.

Азаматтық істер бойынша 1877 арыз түсіп, 1692 іс аяқталған, оның ішінде, 969 шешім шыққан, 252 сот бұйрығы шығарылған, 212 арыз қайтарылған, 241 арыз қараусыз қалдырылған, 214 іс қысқартылған, 189 іс медиация тәртібімен аяқталған.

Әкімшілік істер бойынша сотқа 71 талап қою арызы түсіп, 11 шешім шыққан, 53 арыз қайтарылған, 7 арыз қалдық болып өткен.
Сот әділдігін жүзеге асыруын және сот беделін көтеру мақсатында БАҚ бойынша жұмыс атқару барысында газет беттеріне 65 мақала жарияланған, 16 дөңгелек үстел өткізілген, интернет порталдарында 20 ақпараттар жарияланған.

Іс-шара соңында А.Қосмұратов журналист тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру бойынша міндеттер қойды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram