Басты бет / Жаңалықтар /
eb08cd409338b6e4bb20ba5dc0e5cfa2 Мұхит Тұрғараев: Заңға құрмет сезімін ояту – барлық мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының бірі

Мұхит Тұрғараев: Заңға құрмет сезімін ояту – барлық мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының бірі

Түркістан облысының Әділет департаменті коммерциялық емес заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді бақылауда, зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша және құқықтық көмек көрсету, түсіндіруді қамтамасыз етуде, сондай-ақ сот актілерін орындау, нормативтік актілерді тіркеу қызметінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұдан бөлек, департаментке жүктелген міндеттерді, нәтижелі атқару өз жемісін берді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер онлайн көрсетілуде, Мемлекет басшысының азаматтарды мобильді қабылдау, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес «Құқықтық көмек» жобасы аясында жергілікті волонтерлар мен әділет саласының қызметкерлері бірлесіп, халыққа байланыс құралдары мен әлеуметтік желілер, офлайн кездесулер, ашық есік күндерін ұйымдастыру арқылы кеңес беруді одан әрі жандандырып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруда аянбай еңбек етуде. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру, заңға құрмет сезімін ояту – барлық мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының бірі.

Сондай-ақ, әділет органдары саласында бірқатар жаңашылдықтар орын алып отыр. Осы жылы «ҚР Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестациядан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» бірлескен бұйрығының негізінде 29 мамырдан бастап адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу толықтай автоматтандырылған түрде жүзеге асыру ережесі бекітілді. Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ЖСО, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу жобасы іске қосылды. Нәтижесінде маусым айында облыс аумағында нотариуске үміткер адамдардың 1-кезеңі бойынша 5 үміткер, жеке сот орындаушылардан 1 үміткер аттестаттаудан өткізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 11 сәуірде ҚР ӘМ «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бекітіліп, республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта сенімхаттарды онлайн куәландыру бойынша Түркістан облысы аумағында 37 нотариус пилоттық жобаға қатысуда. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтың бірі – жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру жөніндегі Әділет министрлігінің функциясы аумақтық әділет органдарына берілді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді. Облыс бойынша 586 (2022ж. 6 айы-524) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты бойынша жалпы 74219 (2022ж.6 айы-36661) мемлекеттік қызмет көрсетілсе, облыс бойынша 37160 (2022ж.6 айы-37893) азаматтық хал актілері тіркелді. Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау бойынша облыстағы нотариустардың жалпы саны – 205 (2022 ж. – 198). 2023 жылдың І жартыжылдығында өздерінің өтініштері бойынша 1 нотариустың лицензиясы уақытша тоқтатылған. «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі мен заң консультанттар палатасы, құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстар көп. Облыс көлемінде мемлекеттік сот орындаушылар саны – 13 (2022ж. 6 айында-17), жеке сот орындаушылары саны –147 (2022ж. 6 айында-148). ҚР Әділет министрлігінің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспарындағы сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткіш 30,7% жетіп (2022ж. 6 айы – 24,2%), 7,7% артығымен орындалуда (жоспарлы мәні – 23%). 2023 жылы алимент өндіру мәселесі бойынша 89 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылдың І жартыжылдығында Түркістан облысы бойынша жеке сот орындаушылары тарапынан үш айдан астам берешегі бар алимент төлеуші 136 (2022 ж. 6 айы-107) борышкерлердің тізімі қалалық, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылды.

Сондай-ақ, осы азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2023 жылдың І жартыжылдығында қалалық, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен 26 «Бос орындар» жәрмеңкесі өткізілген. Борышкерлердің мүлкін тәркілеу бойынша орындауда 259 болып, оның ішінде 160-ы аяқталған. Жыл көлемінде бөлімге мүлік тәркілеу бойынша 259 атқару өндірісі орындауға түсті. Оның ішінде 160 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 61,7% құрады. Бөліммен мемлекет пайдасына тәркіленген негізгі айғақты заттар: автокөліктер, жанар-жағармайлар, мотокөліктер, алкоголь және темекі өнімдері, теледидарлар, компьютерлер және оның құрылғылары, терминал аппараттары, ұялы телефондар, қайықтар және қайық моторлары, балықтар, сексеуіл ағаштары және дәрілік заттар, яғни ҚР Үкіметінің №404 қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне айғақ заттар өткізілді және ақша-қаражаттары бойынша 150 700 теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.

Ел егемендік алған сәттен бастап ҚР Әділет министрлігі мен оның аймақ құрылымдары-бөлімшелері мемлекеттік қызмет жүйесін құқықтық тұрғыдан қамтып, кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде дәлелдеп келеді. Еліміздің заңнамалары аясында әділетті қызмет атқарып келе жатқан бұл органның қай салада болсын алар үлесі ұшан-теңіз. Алға қойылған міндеттер бізге көп мақсаттар жүктейді. Аға буынның жинақтаған мол тәжірибесі мен жалынды жастардың арқасында әділет органдарының қалыптасқан жүйесі жаңа сынақтарға қарсы тұрып, өз міндетін табысты атқаратынына сенімдімін. Баршаңызға жемісті жұмыс үшін алғыс білдіремін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Мұхит Тұрғараев,
Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook