Зейнетақы қорында қанша қаражатыңыз бар екенін білесіз бе?

Жинақтағы қаражат сомасын білудің түрлі жолдары бар.

Мобильді қосымша

Android, iOS және Windows Phone опе­рациялары бойынша смартфондар мен планшеттерге Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары әзірлеген ақ­па­рат­тарды мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар.

Электронды пошта

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не­месе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша да ақ­параттар алуға болады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жібереді.

Демек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты жан-жақты және толық ақпарат алуға мүмкіндік бар деген сөз. Осы арқылы әркім өз зейнетақы шотындағы деректерді тексере алады. Сондай-ақ, ай сайынғы жарнаның аударылуын да осылай бақылауға болады.

Жинақталған қаражатты қай уақытта және қанша мөл­шерде алуға болады?

Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры бойынша төлемдер заң шең­бе­рінде орындалады. Салымшы зейнеткерлікке шыққан кез­­де жинақтаушы зейнетақы шотынан 844 440 теңгені алу­ға мүмкіндігі бар. Егер шотындағы қаржы бұдан көп бол­са, оны тиісті тәртіппен бірте-бірте алады. Бұл ең тө­менгі зейнетақының 30 есе мөлшері. Егер салымшы қай­тыс болған жағдайда оның жинаған жарнасы Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сай мұ­ра­ға қалдырылады.

ДереккөзEgemen.kz