Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі

Жалпы қоғамымызда «тәртіп сақта» деген сөз көп айтылатыны бәрімізге белгілі. Себебі, қоғамдық орындарда, автобустарда, жол қиылыстарында, дүкендер мен базарларда ашуға берілген азаматтар былапыт сөздермен бірін-бірі айыптап, әдепсіздік көрсетіп жатады. Қарапайым азаматтар көңіл-күйдің жетегінде кетсе де, мемлекеттік қызмкеткер әдептен озбауы, шеңберден шықпауы шарт.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде сала қызметкерлерінің әдептілік қағидаттары бекітілген. Бұл заңға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, қарапайым халық та құрметпен қарағаны жөн. Этика дегеніміз – тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика (әдеп) болып табылады. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған.

Мысалы, үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау және т.б. Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әртүрлі. Этиканы сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге ие болып табылады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әртүрлі қоғам өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен, қызмет орнында өзін-өзі ұстап, сыртқы бейнесі мен киім үлгісінің тәртіпке сай болуын қадағалап, қимыл-әрекеттерін басқара білуі маңызды. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандартын бекітеді. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді.

Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мелекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады. Қалай айтқанда да «Әдеп кодексі халыққа немесе мемлекеттік қызметшіге не береді?» деген сұрақ туындайтыны рас. Бұл біріншіден Мемлекеттік қызметшілерге деген халықтың сенімін нығайтады. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік-моральдық бейнесін арттырады. Оларға қойылатын талапты күшейтеді. Кодекс әдепсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Кодекстің мемлекеттік маңызы бар екендігін мына бір қағидадан-ақ байқауға болады. Мемлекеттік қызметке тұрған кез келген шенеунікке ең алдымен үш күннің ішінде Этикалық кодекс таныстырылады. Олар «таныстым» деп қол қояды. Танысқан соң, әрине, олардың жауапкершілігі артады.

Гүлнәз СЕНБЕК,
Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші маманы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да