Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

Ақтау тұрғындары бүгін таңертең жер сілкінісін сезген. Қаланың төменгі шағынаудандарында тұратындар дүмпуді жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9.20-да байқаған.

«СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциясында 7 желтоқсан күні Алматыдан 2 289 км жерде, Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5.7. Эпицентр координаты — 41,09° с. е. 49,71° ш. б. Тереңдігі — 35 км. МSК-64 шкаласы бойынша Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі сезілген, — делінген хабарламада.