Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі бүгін 8 қараша, сағат 00.09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 323 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 13.3.
  • MPV магнитудасы — 6.1.
  • Жер сілкінісінің координаттары — 40,39° c.e. 77,89° ш.б.
  • Тереңдігі — 15 шақырым.

Зілзаланың күші Алматы қаласында, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында 2 балл көлемінде сезілген, — делінген хабарламада.