Түркістан облысының аумағында полиция, сот орындаушыларымен бірге «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша 10 миллион теңгеге жуық қарызы бар көліктерді анықтады.
Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне «Қызылорда-Самара- Шымкент» тас жолы бойында 8 миллион 600 мың теңге қарызы бар «Wolkswagen Passat» автокөлігі кетіп бара жатқаны бойынша дабыл түседі.
Ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер жедел көлікті тоқтатып, жүргізушісіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар түркістандық полицейлермен 1 миллионға жуық өтелмеген қарызы бар «Toyota Camry» маркалы автокөлігі анықталды. Қазіргі уақытта көліктер айыптұраққа қойылып, тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жүргізілді. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды айыппұл төлемдерін уақтылы төлеуге шақырады. Төлемеген жағдайда автокөлік айыптұраққа қойылатынын ескертеді, — делінген хабарламада.
