Басты бет / Қоғам /
03ff1a71b320f858a338d6eff9133804 Полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған 100-ден астам қойын тауып берді
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Полицейлер ауыл тұрғынына жоғалған 100-ден астам қойын тауып берді

Сауран ауданының тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірі арызданып, күндізгі уақытта жайылымда жүрген 100-ден астам ұсақ малы жоғалғанын жеткізді.
Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап шықты.
Жүйелі жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер, үш тәулік ішінде жайылымнан 20 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған қой отарын тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған ұсақ малдар аудан тұрғынына қайтарылды.
Өз кезегінде егде жастағы ауыл тұрғыны Сауран ауданының полицейлеріне жоғалған қойларын қысқа мерзім ішінде тауып бергені үшін алғысын білдірді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram