Шардара аудандық полиция бөліміне сауда үйінен компьютер сатумен айналысатын жергілікті тұрғынның тарапынан арыз түскен. Оның айтуынша, ер адамның бір дана процессорын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 185. 000 теңге. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Бөтеннің мүлкін жымқырып, заңсыз әрекет жасаған адамды ұстау бағытында жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілді. Полиция қызметкерлерінің жедел түрде әрекет етуінің нәтижесінде сол күні күдікті ер адам анықталды. Ол 43 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Ер адам сауда үйіне келіп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланған. Осы ретте компьютердің процессорын жымқырып кеткен. Сөйтіп процессорды сатып, шөлмекке айырбастамақшы болған. Күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұрланған процессор табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
