Шетелдік азаматтың жүк көлігінен есірткі тәркіленді

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында «Б.Қонысбаев» бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдады деген күдікпен шетел азаматын ұстады.
Өзбекстан Республикасына бет алған Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, яғни шетелдіктің құжаттарын тексеру кезінде көлікте тұрған киімінің қалтасынан есірткі затына ұқсас затты тапты. Тәртіп сақшылары айғақты затты сараптамаға жіберіп, нәтижесінде гашиш екені анықталды. Күдікті Өзбекстан азаматы қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексі 286-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Айналымнан шығарылған заттарды немесе айналымы шектелген заттарды заңсыз алып өту» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да