Басты бет / Қоғам /
a0017f40777b965e14576c8a3111bc31 Полицейлер бұрын-соңды болмаған акция ұйымдастырып, тұрғындарды жол апатынан сақтандырды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Полицейлер бұрын-соңды болмаған акция ұйымдастырып, тұрғындарды жол апатынан сақтандырды

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен облыс орталығында аса маңызды акция ұйымдастырылды.
Демек жол апатына түсіп, сау тамтығы қалмаған, жан-жағына ескерту жазылған көлікті тиеген эвакуаторлар, Түркістан қаласы көшелерін аралады. Жай аралап қана қоймай, мұнда полицейлер дауыс зорайтқыш арқылы жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ескертпелер айтып, жыл басынан бері орын алған жол апаттарының статистикасын жеткізді.
Осы арқылы тұрғындарға ой салып, адамдар санасында жол апатының салдары өте ауыр екені ұғындырылды. Түркістан қаласынан бастау алған акция 1 апта бойына Шымкент, Қызылорда бағытына қарай жалғасып, 17 қала, ауданда өткізіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook