Орталық Азияның Креативті индустрияларының форумына жетекші сарапшылар қатысты

Алматыда өткен Орталық Азияның Креативті индустрияларының халықаралық форумында Орталық Азия мен ТМД елдерінің жетекші сарапшылары жиналды.

24-26 қараша аралығында Алматыда «Сreative Central Asia 2023» форумы өтті. Онда Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Оңтүстік Кореядан, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан креативті индустриялар саласында 100-ден астам отандық және халықаралық сарапшы жинады. Форум кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы ең жаңа тенденцияларға арналып, білім, тәжірибе және идеялармен алмасу үшін бірегей платформасын ұсынды.

Форум аясында креативті индустрияны дамытудың әртүрлі аспектіні қозғаған көптеген қызық баяндамалар, панельдік пікірталастар өтті. Сөз алған сарапшылар мен көшбасшылар өздерінің бірегей табыс тарихын бөлісті, оған қоса креативті саланың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін өздерінің инновациялық жобалары мен идеяларын көрсетті.

2024 жылғы қаңтардан бастап инфрақұрылымды дамыту және шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында Марков 44 әкімшілік ғимаратының базасында креативті хабты іске қосу жоспарланып отыр.

Оған қоса мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездескенде қалалық венчурлік қор құру бастамасын қолдады. 2024 жылғы басында қорды іске қосу жоспарланып отыр.

Қордың мақсаты — тұрақты бизнес құру, креативті индустриялардың экожүйесін дамыту үшін қала тұрғындарының креативтік бастамаларын пайдалану.

Сіздермен ортақ күш-жігер мен тәжірибе алмасу арқылы біз ауқымды жобаларды іске қосып, еліміздің дамуының жаңа тарауын бастай алатынымызды атап өткім келеді, — деп қорытындылады  Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев.

CCA-2023 форумына 3000-нан астам қонақ келді, олар көп дәріске, шеберлік сабақтарына, public talk-тарға белсенді қатысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да