Қалта телефонында орналасқан банк қосымшасы арқылы онлайн несиені оңай рәсімдеу талай адамды сан соқтырды. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы тұрғынының смартфонына келген хабарлама төбесінен жай түсірді. «Сіздің 1 миллион теңге несиеңізбар» деген хабарлама күндізгі уақытта түскен еді.
Түркістан облысында ер адам танысын алдап, оның банк қосымшасынан несие рәсімдеп алған. Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Интернет арқылы оп-оңай рәсімделетін бұл қарызды көпшілік «батпанқұйрық» көретіні рас. Бірақ оныңсоңы орға жықпай қоймайтыны тағыбар. Онлайн несие, шағын қаржы рәсімдейтін ұйымдар туралы бұғандейін талай рет айтылып, талаймәрте жазылды да. Бірақ бұғантоқтау болмай тұр. Өзінің несиесінжабу үшін туысының немесе танысының атынан онлайн қарыз рәсімдеп жүргендер қаншама?! Я болмаса бірнесиесін алу үшін екінші банктеннесие алып жабатындар да жиіледі. Экономистер елдің ең басты қателігі осы екенін айтқанымен, бұл келеңсіз әрекетке тыйым сала алмай отыр. Жұрттың онлайн несиеге үйір болуының басты себебі – ешқандай құжатты талап етпейтіндігі. Иә, интернет арқылы онлайн қарыз алу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыздың деректерін енгізсеңіз болғаны. Ал ақшадан қысылыптұрған адам үшін бұл өте ұтымдыболып көрінеді. Тіпті, мұндай несиеберетін ұйымдар жұмыссыздардың да бетін қайтармайды. Жұмысың,табысың туралы анықтама талапетпейтін «жылдам ақша берушілер»,әсіресе жастарды көп еліктіріп отыр. Онлайн несиенің орға жығарын болжамаған жастардың бірі – Аслан.
Жалақы алған күні қарызымнанқұтыла қоямын деп ойлаған азамат«жағдайдың бұлай аяқталарын білгенімде, онлайн несиеге жоламаседім» дейді. «Өзім бар-жоғы 40 мыңтеңге жалақы аламын. Қаржы қажет болғандықтан, онлайн несиеге жүгінгеннен өзге амалым болмады. Өйткені, банкке барып, құжаттапсырып жүруге уақыт тапшы еді. Оның үстіне банктің менің жалақыма несие шығара қоюы да екіталайболатын. Сонымен не керек, интернет арқылы тез арада онлайн қарыз рәсімдедім де, еш кедергісіз 35 мыңтеңгені қолыма алдым. Ол кездеақша тапқаныма қуандым да, артықалай болатыны туралы ойламадым», – дейді Аслан. Кейіпкеріміздің айтуынша, ол онлайн несиенің пайызы тым жоғары екенін білмеген. Қарызын дәл уақытында қайтараалмаған азамат пайыздық үлестікөргенде төбесінен жай түскендей болған.
Сөйтіп, бір айдан кейін қарызын қайтаруға шамасы келмегенАслан амалсыздан екінші бір жылдам несие рәсімдеушінің көмегінежүгінген. «Осылай тізбек жалғасыпкете берді. 40 мың теңге жалақымеш нәрсеге жетпеген соң, біріненалып, екіншісіне төлеп жүре бердім. Соңында қарызға белшеден баттым. Екі-үш ай ішінде 10-нан астаммикрокредит ұйымына берешекболып, жалпы қарызым 1,5 миллион теңгеден асып түсті. Содан амалымтаусылып, досымның атынан онлайннесие рәсімдеп қарызымнан құтылдым. Досыма алғашында айтпағанедім, уақыт өте оған ашығын айтып,қазір досымның атына алған несиені төлеп келемін» деп жағдайын түсіндірді кейіпкеріміз. Ең қызығы,әбден қарызға батқан жігіттің бетінқайтарған ұйым болмапты. Бәрі де сұраған сомасын еш қиындықсыз беріп отырған. Осылайша, Асланонлайн несие алудың «маманына» айналып шыға келеді. Тіпті, бұл«былыққа» достарын да батырыпүлгеріпті. Соңғы сәтте бүкіл қарызын қағазға түсіріп, есебіне жеткісікелгенде Аслан бұл қарыздан бір өзіқұтыла алмасын анық түсінеді. «Неістерімді білмей кеттім. Достарымның атынан рәсімделген несиелерде бар. Бәрі бір-бірін жабу үшіналынған қарыз болғандықтан, өтеумерзімдері де бір уақытта. Ең қиыныда сол болды. Тығырықтан шығудың жолын таба алмадым. Өзімді іштей жегеніммен, артқа қарай жол жоқ. Болар іс болды, бояуы сіңді. Жағдайымды ешкімге түсіндірмедім. Ақымақболып көрінгім келмеді, шынымдыайтсам», – дейді кейіпкеріміз. Біздің кейіпкеріміз онлайн несие алып, оңбай ұтылғандардың бірі ғана. Елімізде мұндай жандар өте көп. Онлайн несие рәсімдеуші ұйымдардың ешбір құжат талап етпейтіндігі алаяқтарға қолайлы болып тұр. Мұндай ұйымдардың көпшілігі қарызалушыдан жеке куәлік қана талапетеді. Осыны ұтымды пайдаланған алаяқтар талай жұртты сан соқтырып жүр. Мысалы, 2015 жылы Түркістан облысының құқық қорғаушылары онлайн несиемен айналысқаналаяқты қолға түсірген. 35 жастағыәйел 169 адамның атынан онлайннесие рәсімдеп үлгерген.
Алаяқтың құрығына түскендердің бәрі базарда сауда жасайтындар. Күдіктіқала базарларынан тауар сатып алуарқылы сатушылардың сеніміне кірген. Тауарға төлейтін қолма-қол ақшасы болмағандықтан, банк картасыарқылы төлеуге келіскен. Сөйтіп, сатушылардың банк карталары менжеке куәліктерін суретке түсіріп алуарқылы олар туралы мәліметтерге қол жеткізген. Одан кейін алаяқ қажетті мәліметтерді интернетке енгізу арқылы онлайн несие ұйымдарынан әлгі сатушылардың атынан қарызалған. Тіпті, саудагерлер өзін таныпқоймас үшін базарға әр келген сайын келбетін өзгертіп, шашын түрлі түске бояп алған. Көп ұзамай күдіктіәйел қолға түсті.
Түркістан облыстық полиция департаменті ресми өкілінің айтуынша, күдікті осыған дейін деқылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Осы оқиғаның ізінше Түркістан өңірінде интернет арқылы алаяқтық жасаған 28 жастағы тұрғын ұсталды. Ол онлайн несие рәсімдеу арқылы жұрттың 500 мың теңгеден астам қаражатын қолды қылған. Алаяқтың бұл әрекетінен 10 адамның жапа шеккені белгілі болды. Айта кетейік,жыл басынан бері Түркістан облысында осыған ұқсас 20-дан астамдерек тіркеліпті. Ал өткен айда Кентау қаласында осындай бір алаяқ қолға түскен болатын. Кентаулық алаяқ 30 жастағы азаматты алдап соғыпты. Қалалық полиция бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғын өзінің атына онлайн несие рәсімделгенін несие беруші ұйымнан хабарласқан кезде бір-ақбілген. Ал полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде алаяқтығы үшін бұрын сотты болған күдіктіні бір тәуліктің ішінде ұстады. Ол зардап шегушінің туысы арқылы несие карта туралы мәліметтерді біліп, ұялы телефонның көмегіменонлайн несие рәсімдеген. Дәл осындай оқиғалардың бірі жыл басындаСарыағаш ауданында тіркелді. Интернеттегі алаяқтар аудан тұрғынының атынан онлайн қарызға өтініш берген. Әйел бұдан несиені кешіктіргені туралы хабарлама алғандағана өзінің атында несие барынбілген.
Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аралас тауарларды сатуға арналған жаңа технологиялар, әртүрлі веб-сайттардың пайда болуы онлайн несие алуға арналған түрлі тәсілдер сызбаларын жасауға мүмкіндік беріп отыр. Тиісінше,бұл – алаяқтар үшін оңай олжаға кенелудің бір жолы. Ізгілік пен қазақылықтың ортасы саналатын оңтүстік өңірде де алаяқтардан аяқалып жүру мүмкін болмай барады. Мәселен, Арыс аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі келіп, банк картасындағы қомақты сомасының жымқырылғандығы жайлы арызданған. Белгілі болғандай, күдікті әйелдің төленбеген несиесі болғандықтан, банк картасындағы ақшасын пайдаланаалмаған. Сондықтан ақша табудыңоңай жолын іздеп, арам ой туындап,оны іске асыру үшін көрші әйелді пайдаланған. Яғни, күдікті көршісінебарып, банк картасына танысына айтып ақша салдырып, сосын шығарып аламын деп өтінген. Осылайша, жалған сылтаумен жәбірленушінің құпия кодын, деректерін біліп алып,3 банктен 300 мыңнан астам теңгегеонлайн несие рәсімдеген. Сондай-ақ,жәбірленуші әйелдің шотына келіптұрған жүктілік кезінде берілетінбірреттік жәрдемақысы, яғни 400 мыңнан астам ақшасын ұялы телефон арқылы басқарып, өз пайдасына жаратқан.
Жалпы, күдікті әйелөзінің көршісіне 700 мыңнан астам теңгеге шығын келтірген. Міне, мұның бәрі бүгінгі қоғамда алаяқтарға құрбан болудың оп-оңай екендігін дәлелдейді. Аңқау жұрт осындайәккі алаяқтардың кесірінен онлайн несие қарызын төлеп, жазықсыз шығынға батып жүр.
Раушан НАРБЕК
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
