Қазақстанда 2-4 қараша күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 2-4 қараша күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, қысым түзілімдерінің жылдам өзгеруі республиканың солтүстік жартысында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Ауа температурасы түнде 3-10 градустан 5-3 градусқа дейін төмендейді, күндіз 10-18 градустан 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы түнде 3 градустан 5 градусқа дейін жылы, күндіз 10-17 градустан 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да