Ресейдегі метро жарылысында қаза тапқандар саны артты

Санкт-Петербургтегі метрода лаңкестіктен қаза тапқандардың саны 11 адамға артты. Тағы 45 кісі жараланған. Қауіпсіздік қызметтері жарылысты ұйымдастырушыларды әлі іздестіріп жатыр.

Осыған дейін ақпарат құралдарында терактіге қазақстандықтың қатысы бар деген хабар тараған болатын. Бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ануар Жайнақов өз Facebook парақшасында бұл ақпарат әлі расталмағанын жеткізді.

Санкт-Петербургтегі Қазақстан Бас консулы ауруханаға барып, қаза тапқандарды мәйіттерінің арасында қазақстандықтың болмағанын хабарлаған.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында «Сенная площадь» және Технологиялық институт» аялдамаларында болған жарылыс болды.

Дереккөз24.kz