Басты бетЖаңалықтарАлматыда құрылысы...

Алматыда құрылысы бітпеген тұрғын үйлер бұзылуы мүмкін

Алматыда құрылысы созылып кеткен нысандарды тексеру шаралары басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоспардан тыс тексеріске қала тұрғындары тарапынан түскен арыз-шағымдар себеп болды. Бүгінде қаңырап тұрған құрылыстар адамның өміріне қауіп төндіріп, балалардың ойын алаңына айналып кетті.

Тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым беріліп, қажет болса оны мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап-арыз жіберіледі. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін сақалды құрылыстар бұзылуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Құрылыс жұмысы тоқтаған немесе алты айдан астам мерзімге созылған нысандар консервациялануы қажет.

Айта кетейік, қазіргі кезде қалада 1988 жылдан бастап консервацияланған 17 құрылыс нысаны бар.