Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459–464 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459-464 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 460,5-463,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,23 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,11-5,31 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылып жатыр.
