Ұлттық банк доллар мен рубльдің 23 қарашаға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 456,83 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,18 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458– 462 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 458,7–461,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,09–5,27 аралығында саудаланып жатыр.
