«Пацанский кипиш» атты жаңа комедиялық фильм көрерменге жол тартты

Epicentrum кинокомпаниясы «Пацанский кипиш» атты дебюттік комедиялық фильмін ұсынады. 

Картинаның режиссеры-танымал «Пацанская история» веб-сериялының режиссеры Нұрсұлтан Жұмабеков. Картинаның продюсері-Ілияс Жапаров бастаған Raday Media компаниясы, ол аталмыш картинада басты рөлдердің бірін сомдады.

Фильм сюжеті кіші кластан бері өзінің кластасы Әселге (Алмагүл Қазихан-Сағындық) сырттай ғашық болған жас жігіт Санжар (Әли Жарасұлы) туралы өрбиді. Ол Әселге өзінің сезімдері туралы ертерек айтып, тіпті үйленуге ұсыныс жасар еді, бірақ қыздың үлкен ағасы Әсет (Шәріп Серік) қарындасына ешкімді жолатпайды. Бағына орай, жігіттің әрқашан көмекке дайын тұратын жақсы достары бар — Кешон (Ілияс Жапаров) және Мура (Ұлан Қайраласов). Олар  досын ғашығымен табыстыру мақсатында туған күн кешін өткізуді жоспарлайды. Үш дос Қапшағайдағы курорттық керемет үйді жалға алып, достарын, бұрынғы кластастарын және ең маңызды қонақ Әселді шақырады. Бірақ, барлығы жоспар бойынша шықпай, жігіттер нағыз шытырман оқиғаға тап болады.  

Жаңа фильмнің желісі  «Пацанская история» сериалына ұқсас болғанымен, продюсерлер мен режиссерлар сол сүйікті актерлермен – Шәріп Серік пен Ільяс Жапаровпен қатар жаңа танымал тұлғаларды қосып тандем жасады. Картина сюжеті де мүлдем басқа. Фильмде көрермендер танымал блогерлерді тіпті спортшыларды да көреді. Мысалы, фильмде жастар арасында танымал рэп орындаушысы Асха Ханзада, поп-ММА спортшысы Бексұлтан «Апачи» Пилал және барлығының сүйікті актері Ерболат Алқожа бой көрсетеді.  Аты шулы «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Ұлан Қайраласов, басты рөлдердің бірі – Мурудың үшінші досын сомдайды.

Фильмде түскендер: Ілияс Жапаров, Шәріп Серік, Ұлан Қайраласов, Әли Жарасұлы, Бексұлтан Пилал, Мақсат Мамраимов, Алмагүл Қазихан-Сағындық, танымал әртіс Асха Ханзада, Арнат Өтепбергенов, Асылыұлымбек Ахметов, BayGUYS (Жалғас Елеусінов, Бағжан Данай), Нұржан Әуезханов.

Пацанский кипиш
Epicentrum кинокомпаниясы

Фильмнің продюсерлері: Қуат Садықов, Тимур Смағұлов, Ілияс Жапаров, Игорь Цай.

Фильмнің ресми дистрибьюторы «Ниет» дистрибьюторлық компаниясы, «Пацанский кипиш» фильмінен кейін қазақстандық көрермендердің ықыласына бөленген «Аппақ келін»  фильмін жарыққа шығарады (14 желтоқсаннан бастап кинода). 

Айта кетейік, «Пацанский кипиш» жаңа комедиялық фильмі 2023 жылғы 23 қарашада еліміздің барлық кинотеатрында экранға шығады.