Полиция қызметкерлері жоғалған 3 жасар баланы бір сағатта іздеп тапты

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны шағымданып, кешкі уақытта кәмелетке толмаған немересінің үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Бұл жайт бірден тіркеуге алынып, баланы іздеуге ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын, сондай-ақ бала баруы мүмкін жерлерді қарап шықты.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде кішкентай бала бір сағаттың ішінде сол аумақтан адасып, жүрген жерінен табылды. Қуанышқа кенелген атасы аз уақыттың ішінде немересімен аман-есен қауыштырып, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ықыласын білдіріп, рақметін айтты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да