Астанаға «Челси», «Ювентус», «Милан» футбол клубтары келуі мүмкін

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, ЭКСПО көрмесі аясында еуропалық командалардың қатысуымен жолдастық кездесу ұйымдастырылуы мүмкін. Сол үшін «Астана Арена» стадионы 1 мамырға дейін уақытша жабылып, реконструкциядан өтіп жатыр.

«Алаңның сапасы УЕФА талаптарына сай болуы керек. Атақты ойыншылары келмесе де, «Челси», «Милан», «Арсенал» клубтарының екінші құрамдары келісім беріп қалуы тиіс», – дейді Б.Маржықпаев.

Оның айуынша, қазіргі кезде үш командамен келіссөз жүргізіліп жатыр екен.

ДереккөзBaq.kz